$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шымкентте «Оңтүстік» индустриялдық аймағында өрт шықты

Индустриялдық аймақта орналасқан жеке цех өртенген

Шымкентте «Оңтүстік» индустриялдық аймағында өрт шықты
фото: Шымкент қ. ТЖД

Бүгін Шымкентте «Оңтүстік» индустриялдық аймағында өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобының мәліметінше, сағат 10: 47-де Еңбекші ауданындағы Қапал батыр көшесінде орын алған өрт туралы ақпарат келіп түсті.

Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жетіп, өрт «Оңтүстік» индустриялық аймағында макулатураны қайта өндеу бойынша «Бумпром» ЖШС аумағында орын алғандығын анықтады. Алдын ала мәліметтер бойынша жалпы ауданы 60х20 шаршы метрді құрайтын жеке цех жанған. Ғимарат бір қабатты, автономды жылыту, ішінде 3 тонна макулатурасы бар, картон қалдықтары жанған. Өрттің ауданы 200 шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Өрт сағат 12:37-де оқшауланды, 13:18-де сіндірілді. Өрт орнында Шымкент қаласы ТЖ департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жеке құрамынан 52 адам және 14 бірлік техника жұмылдырылды.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#өрт