Алтайда тұрғын үй өртеніп, 6 адам эвакуацияланды
Мас күйінде темекі шеккен адам өртке себеп болған

Алтай қаласында Матросов көшесінде орналасқан қосқабатты тұрғын үйде өрт шығып, 6 адам эвакуацияланды, оның екеуі балалар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Екінші қабатта орналасқан пәтерде жеке заттар, жиһаздар мен төбенің ағаш конструкциялары жанған. Өрттің аумағы 9 шаршы метр. Барлығы 3 бірлік техника және жеке құрамнан 7 адам жұмылдырылды.
ШҚО ТЖД азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға кеңес береді.
«Тұтанып тұрған папиростың максималды температурасы 300-420° аралығында, жану ұзақтығы 4-8 минут. Темекі жарты сағат бойы бықсуы мүмкін, сол кездегі оның температурасы 310-320°құрайды. Одан кейін ол сөнеді, бірақ ол түскен материалдың тұтанып кетуіне себепші болуы мүмкін. 1- 4 сағат ішінде жаңа жану ошағы өртке айналуы мүмкін», - деді ШҚО ТЖД МӨБ басқармасының бастығы Нұржан Өміржанов.