15.01.2023, 17:51
Жаңалықтар
Актер Вахтанг Кикабидзе қайтыс болды
Бұл туралы Грузия елінің БАҚ-тары жазуда
фото: ашық дереккөзден
Актер, режиссер және әнші Вахтанг Кикабидзе 85 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кеңестік және грузин актері Вахтанг Кикабидзе 1938 жылы Тбилисиде дүниеге келген. Кинодағы дебютін 1966 жылы «Таудағы кездесу» фильмінде жасады.
Сценарист және режиссер ретінде «Сау бол, қымбаттым» және «Еркектер және қалғандары» деп аталатын екі толықметражды фильм түсірді.
Кикабидзенің фильмографиясында 20-дан астам картина бар.
Сонымен қатар «Чито-Грито», «Мои года, моё богатство» сияқты әндерімен танылды.
Көп оқылған
29.03.2026, 17:48
Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды
29.03.2026, 16:53
Жетісу облысында қараусыз қалған екі жасар бала жол жиегінен табылды
29.03.2026, 17:26
Көкшетауда пәтерде қамалып қалған ер адам құтқарылды
29.03.2026, 23:11
Есік қаласындағы жаппай төбелес: полиция аспанға оқ атты (ВИДЕО)
29.03.2026, 16:13
Қазақстандық дзюдошылар Еуропа кубогында үш медаль еншіледі