Барлығы 11 адам көз жұмды
Оңтүстік Кореяда жаңадан коронавирус жұқтырған тағы 169 адам тіркелді, бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды РИА Новости.
Ел бойынша коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 1146 адамға жетіп, 11 адам көз жұмды, деп хабарлады KCDC ұйымы. Вирустың құрбаны болған он бірінші науқас - 36 жастағы ер адам екен.
Ал, 22 адам ауруынан айығып кетсе, 16 734 адамның сараптамалары әлі тексеріліп жатыр.