Жиһангез Сәрсенбай Қотырашев жер шарын аралап шықпақ

Azattyq Rýhy

Бұл туралы марафоншы instagram желісіндегі парақшасында жазды

Жиһангез Сәрсенбай Қотырашев жер шарын аралап шықпақ
фото: ашық дереккөзден

Қазақстанды жаяу аралап шыққан 72 жастағы жиһангез Сәрсенбай Қотырашев енді әлем араламақ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Сәлем достар! Өздеріңіз білетіндей, өткен жылы өз өмірімде жаңа қадам бастап, жаяу жүріп өттім. Жүрген жерімде мені таң қалдырған, қуантқан және көптен бастан кешірмеген ерекше эмоцияларға көз жеткіздім. Бірінші экспедициям сәтті аяқталды. Бұл сапарымда жоспарлаған мерзімнен бұрын көздеген межеге жеткен сәтті жетістік болды», - деп жазды марафоншы instagram желісіндегі парақшасында.

Марафоншы алғаш рет Қазақстанның көптеген көрікті жерлерін жүріп өткенін, енді жер шарын айналып шығуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

«Ендігі кезекте, мен оның шеңберінен шығып, жер шарын айналып шығуды жөн көрдім. Өйткені бір жолдың соңы - қашан да жаңа жолдың басы», - деді Сәрсенбай Қотырашев.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.