$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Талдықорғанда балалар ауруханасының есепшісі 116 миллион теңгені букмекерге аударған

Қазір 28 жастағы ер адам қамауда отыр

Талдықорғанда балалар ауруханасының есепшісі 116 миллион теңгені букмекерге аударған
фото: 24.kz

Талдықорғанда облыстық балалар ауруханасының есепшісі мемлекеттің 116 миллион теңгесін букмекерге салып жіберген. Жетісу облыстық экономикалық тергеу департаментінің өкілдері ұсталған есепшінің бюджет қаражатын бір жылдан аса уақыт көлемінде құмар ойынға жұмсап келгенін мәлімдеді. Бұл туралы Azattyq Rýhy informburo31-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Ол ақшаны өзінің банктік картасына аударып, ары қарай букмекерлік жеке кабинетіндегі шотына салып отырған дейді департамент өкілдері. Қазір күдікті кінәсін толықтай мойындаған.

Айта кетейік, осыдан үш ай бұрын Талдықорғандағы облыстық балалар ауруханасының медицина қызметкерлеріне бірнеше айдан бері зейнетақы, әлеуметтік және медициналық төлемдердің төленбей жатқаны хабарланған болатын.

Ақ халаттылар міндетті төлемдерінің төленбегенін несие рәсімдеуге, енді бірі ауруханаға емделуге барғанда кездейсоқ білген. Қазір денсаулық сақтау басқармасының басшылығы медицина қызметкерлеріне толық төлем жасағанын жеткізді. Ал есепшінің ісі қазір сотта қаралуда.

«Жалпы аударған сомасы бір жылдан аса уақыт көлемінде 116 миллион теңге көлемінде. Іс бойынша оның жасаған әрекеті ауыр қылмысқа жатады. 7-12 жыл аралығында бас бостандығынан айыру жазасы көзделген», - деді Жетісу облыстық экономикалық тергеу департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Аслан Бидасов.

Серіктес жаңалықтары