$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ауа райы болжамы: Бүгін еліміздің алты өңірінде күн бұзылады

Синоптиктер жел күшейіп, бұрқасын болатынын ескертті

Ауа райы болжамы: Бүгін еліміздің алты өңірінде күн бұзылады
фото: ашық дереккөзден

Қазгидромет синоптиктері ауа райының бұзылуына байланысты еліміздің 6 өңірінде дауылды ескерті жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. екпінді жел соғып, бұрқаын болады

Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20, облыстың батысында екпіні 25 м/с күтіледі.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Түнде 14-15 қаңтарда облыстың солтүстігінде, таулы, тау бөктерлі аудандарында 30-34 градус қатты аяз сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Түркістан облысының оңтүстігінде тұман, таулы аудандарында жаяу бұрқасын күтіледі. 14 қаңтарда түнде облыстың таулы және тау бөктерлі аудандарында 25 градус қатты аяз сақталады.

Павлодар облысының солтүстігінде, батысында, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#ауа райы