$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда қаржы пирамидасының салымшыларына 300 млн теңге қайтарылды

2022 жылы қалада сегіз қаржы пирамидасы жойылған

Алматыда қаржы пирамидасының салымшыларына 300 млн теңге қайтарылды
Фото ашық дереккөзден

B2B Jewelry қаржы пирамидасының салымшыларына 300 миллион теңге қайтарылды. Бұл туралы Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бүгінгі таңда қаржы пирамидасына алданған 230 салымшыға 300 млн теңге қайтарылды. Келтірілген шығынды өтеу жұмыстары жалғасуда», - деп хабарлады Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментінің баспасөз қызметі.

Қаржы пирамидасынан жапа шеккен салымшылардың бірі алматылық Ақмарал Асқарова департамент қызметкерлеріне атқарған жұмыстары үшін алғыс білдірді. Оның айтуынша, 2019 жылы B2B Jewelry компаниясына 1,3 млн теңгеден астам инвестиция салған.

«Мен экономикалық тергеу департаменті қызметкерлеріне рахмет айтамын. Біздің арызымызды қабылдап, ақшамызды қайтарып алуға көмектесті», - дейді ол.

Ведомство мәліметінше, 2022 жылы қалада сегіз қаржы пирамидасы жойылды, бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасады.

Серіктес жаңалықтары