$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ұлытау облысында 20 млн теңгеден асатын заңсыз алкоголь және темекі өнімдері тәркіленді

Қазіргі уақытта осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды

Ұлытау облысында 20 млн теңгеден асатын заңсыз алкоголь және темекі өнімдері тәркіленді
ҚР МКК баспасөз қызметі

Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Ұлытау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен бірлесіп Жезқазған қаласындағы «К» жеке тұлғасында алкоголь және темекі өнімдерінің заңсыз айналымын анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ұзақ уақыт бойы аталған жеке тұлға ПЭТ-бөтелкелерде шығу тегі белгісіз алкоголь өнімдерін, сондай-ақ темекі өнімдерін сәйкестендіру құралдарынсыз сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі заңсыз қызметті жүзеге асырғаны атап өтіледі. 

«Бірлескен іс-шараларды өткізу нәтижесінде халыққа сатуға дайындалған 8 855 литр көлеміндегі 5 литрлік ПЭТ - сыйымдылықтағы алкоголь өнімі, сондай-ақ 5 821 қорап темекі табылып, тәркіленді. Алкоголь және темекі өнімдеріне ең төменгі бөлшек сауда бағаларын қолдануды ескере отырып, алынған өнімнің жалпы құны 20 млн теңгеден асады», - деп хабарлады ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті.

Қазіргі уақытта осы факт бойынша Ұлытау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (Заңсыз кәсіпкерлік) 214-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеді.

Осылайша, заңсыз кәсіпкерлік фактісінің жолын кесумен қатар, тұрғындардың сертификатталмаған алкоголь өнімдерімен жаппай улануына жол берілмегені де баса атап өтіледі.

Серіктес жаңалықтары