Алматы облысында 7-сынып оқушысы асылып қалды
Әзірге оқиғаның нақты мән-жайы жарияланған жоқ
Алматы облысында 7-сынып оқушысы асылып қалды. Бұл туралы НеМолчиKZ қорының президенті Дина Таңсәрі инстаграмдағы парақшасында жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қайғылы оқиға Алматы облысына қарасты Әйтей ауылында орын алған.
Әзірге оқиғаның нақты мән-жайы жарияланған жоқ.
Авторға хат жолдаған адам балалар арасында суицидтің көбейіп кеткеніне алаңдаулы екенін, бұл мәселенің бір ұшы мектеп психологтарына келіп тірелетінін айтады.
Дина Таңсәрі желідегі жазбасында: «Біз мектеп психологтары Оқу-ағарту министрлігінің бөлімінде жұмыс істемеуі керек деп бірнеше рет жаздық! Біз бірнеше рет ақпараттың тарап жатқандығы, балалар психологтарға сенбейтіндігі туралы айттық, өйткені олар мектеп қызметкерлерінің бөлігі! Негізінде біз балаларды қорғаудан айырдық, тіпті бірінші сынып оқушылары мектеп психологына сенім жоқ екенін түсінеді!», - деп жазды.
Автор директорлардың психологтарды оқушылар туралы құпия ақпаратпен бөлісуге мәжбүрлегеніне де талай куә болғанын айтады.
«Бізде педофилия бойынша бірнеше жағдай болды, онда директорлар қылмыскерді қорғау үшін жәбірленушіге жағымсыз сипаттама беруге мәжбүр етті. Психологиялық этика, бала құқығын құрметтеу деген жоқ!», - дейді ол.