$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Көкшетауда құрылыс басқармасы басшысының орынбасары 8 жылға сотталды – Антикор

Тергеу барысында сотталғандардың 50,5 миллион теңге бюджет қаражатын ұрлағаны дәлелденді

Көкшетауда құрылыс басқармасы басшысының орынбасары 8 жылға сотталды – Антикор
Фото ашық дереккөзден

Көкшетау қалалық сотының үкімімен Ақмола облысы құрылыс басқармасы басшысының орынбасары М. Қансейітов кінәлі деп танылып, өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан шектеліп, 8 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Azattyq ruhy Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

Сол үкіммен «Сарапшы Арсенал» ЖШС құрылтайшысы Б.Шаймерденов пен «Көкшестрой Технадзор» ЖШС техникалық қадағалау инженері О.Ренн кінәлі деп танылып, сәйкесінше 7,5 және 7 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Оларға мемлекеттік қызметте 5 жыл мерзімге қызмет атқару құқығынан айыру түріндегі жаза қолданылды. 

Тергеу барысында сотталғандардың Щучинск қаласында жүз пәтерлік тұрғын үй салуға бөлінген 50,5 миллион теңге көлемінде құрылыс монтаждау жұмыстары нақты орындалмағаны үшін бюджет қаражатын ұрлағаны дәлелденді. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ. 

Серіктес жаңалықтары