13.01.2023, 11:50
Жаңалықтар
Илья Ильин екінші рет үйленді
Олардың үйлену тойы кеше Астанада өтті
Қазақстандық танымал ауыратлет Илья Ильин екінші рет шаңырақ көтерді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Vesti.kz мәліметіне жүгінсек Ильиннің жары – бизнес-леди Татьяна Гордиенко.
«Махаббатыма, өмірімнің бақытына, ең жақсы жігітке «иә» деп жауап бердім», - деп жазды Татьяна Гордиенко әлеуметтік желідегі парақшасында.
Илья Ильин мен Татьяна Гордиенконың үйлену тойы 12 қаңтар күні Астанада өтті.
Айта кетейік Илья Ильин үшін бұл екінші неке. Осыған дейін Қазақстан құрамасының гандболшысы Наталья Кулаковаға үйленген. Алайда олар 2017 жылы ажырасып кеткен болатын. Олардың Милана есімді қызы бар.
Көп оқылған
23.09.2026, 09:43
Талдықорғанда 40-тан асқан әйел іш киіммен тікелей эфирге шығып, боғауыз сөздер айтқан (ВИДЕО)
23.09.2026, 11:50
«Байыпсыз блогер мен кереғар коучке еліктейді»: депутат жастарға білім-ғылымды насихаттау мәселесін көтерді
23.09.2026, 15:33
Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады: үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
23.09.2026, 16:38
Қазақстанда доллар бағамы 445 теңгеге дейін түсіп қалды