«Құқықтық көмек»: Атырау облысында заңгерлік кеңес беріле бастады

Автор: Azattyq Rýhy

Аталған жоба жуырда пилоттық режимде іске қосылды

Фото ашық дереккөзден

Белгілі құқық қорғаушы Абзал Құспан бастаған бір топ заңгер «AMANAT» партиясының «Құқықтық көмек» жобасы аясында Атырау облысының елді мекендерін аралайды. Аталған жоба жуырда пилоттық режимде іске қосылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   

Олар сотта және тағы басқа жағдайда арыз-талап толтыру, өкілеттік ету, өзін қорғау мәселелері бойынша азаматтарға кеңес береді. Көрсетілген заңгерлік көмек үшін ешқандай ақы алынбайды. 

Осылайша, «Құқықтық көмек» жобасы Атырау облысының келесі ауылдық елді мекендерінде бастау алады:     

Партияның республикалық қоғамдық қабылдау орталығының 8-800-080-44-41 телефоны немесе жоғарыда көрсетілген телефондар арқылы қабылдауға жазылуға болады.