Алматыда су құбыры жарылып, бірнеше көшені мұзды су басты

Автор: Azattyq Rýhy

Қала басшылығы жүргізушілерден мұзға айналған аумақтан аулақ жүруді сұрайды

Фото ашық дереккөзден

Алматыда Мыңбаев пен Әуезов көшелерінің қиылысында су құбыры жарылып, бірнеше көшені су басты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

Қалалық коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы хабарлағандай, су түнгі сағат 3.40-тан бастап (негізінен Әуезов көшеснің бойымен) іргелес көшелермен төмен қарай ағып, Райымбек даңғылына дейін жеткен, одан ары канал желісіне құйылып жатыр.

Су мұзға айналып, тротуарлар мен жолдар көктайғаққа айналып жатыр. Мұз басқан жол бөліктеріне арнайы материалдармен себілгенімен, ол аумақтарда апат қаупі әлі де жоғары болып тұр.

«Жүргізушілерді жылдамдықты азайтып, көліктер арасындағы қашықтықты ұлғайтып, күрт маневр жасамауға шақырамыз. Осы учаскелердің айналасында маршрут салуды ұсынамыз. Жаяу жүргіншілерден жолымен жүру кезінде абай болуды сұраймыз», - деп басқарма өкілдері алматылықтарға үндеу жолдады.