Республикамыздың кей өңірінде қар жауып, жаяу бұрқасын болады
Синоптиктер 13 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Қазақстан аумағының басым бөлігіне әлі арктикалық антициклон әсер ететіндіктен жауын-шашынсыз аязды ауа райы сақталады. Атмосфералық фрронталды бөліктердің өтуіне байланысты, республикамыздың шығысында, солтүстігінде, орталығында қар жауады, жел күшейіп, жаяу бұрқасын болады. Республикамыздың оңтүстік-шығысында тұман түседі», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Еліміз аумағының басым бөлігі әлі де арктикалық антициклон ықпалында болады, соған байланысты, Түнде Алматы, Түркістан, Жамбыл және Жетісу облыстарының солтүстігінде, таулы аудандарында 30-35 градус өтте қатты аяз сақталады.
Астанада көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде қар жауады, бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -20-22, күндіз -15-17°С болады.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Жел 0-5 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 23-25, күндіз -13-15°С болады.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -24-26, күндіз -10-12°С болады.