$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Мектептер мен мұғалімдердің жағдайы: білім беру саласындағы бастамалар

Білім беру саласында былтыр бірқатар бастама жүзеге асырылды

Мектептер мен мұғалімдердің жағдайы: білім беру саласындағы бастамалар

Елдің болашағы білімді, рухани бай, бойына саналы тәрбие сіңірген, үздіксіз дамуға қабілетті ұрпақтың қолында, Ал мұндай ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу бірден-бір оқу-ағарту саласына жүктелген. Былтырғы жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың білім саласының алдына қойған мәселелелерін және білімді дамытудың стратегиялық құжаттарын іске асыру бағытында біршама жұмыстар атқарылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл бастамаларды жүзеге асыруға Оқу-ағарту саласында 3,5 жылдай қызмет еткен, мұғалімдер мен қоғамның ерекше ықыласына ие бола алған Асхат Аймағамбетовтың еңбегін атап өтпеуге болмас. Президенттің тапсырмаларын орындауға жаңадан тағайындалған министр Ғани Бейсембаев жалғастыруға кірісті. Ол білім беру саласындағы жұмыс үш бағыт бойынша жүзеге асырылатынын айтты. Azattyq Ruhy тілшісі былтыр білім саласында жүзеге асырылған бастамалар мен жаңашылдықтарды шолып шықты.

Үздіксіз білім берудің ең маңызды деңгейі – балабақшадағы тәрбиелеу мен оқыту. Зерттеулерге сәйкес, баланың интеллектуалды, әлеуметтік, эмоционалдық, физиологиялық дамуына балабақшалардың әсері орасан зор.

Ғани Бейсембаевтың айтуынша, сол себепті балаларды ерте дамытудың жаңа моделі енгізілді.

«Оқу бағдарламалары, жоспарлары және оқыту әдістері қайта қарастырылды. Осыған дейін бағдарлама тым академиялық болып келді, ол 3-4 жасар балаларды  отырғызып, 20 минуттан сабақ беру болса, ендігі кезекте халықаралық тәжірибе ескеріліп, тәрбие мен оқыту балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес, балабақша табалдырығын аттасымен басталатын болды .Ойын – баланың жаны мен тәніне сай келетін табиғи әрекет. Бала сол арқылы қоршаған әлемді зерттеп, оны тани отырып, қажетті дағдыларын дамытады.Сондықтан баланың тұтас дамуы үшін барлық жағдайлар жасалуы тиіс. Жаңа модельдегі ұстаным балаларды коммуникативті, өз өзіне сенімді, төзімді, дендері сау, ашық және креативті ойлайтын,  еңбекқорлық пен білімге құштарлық құндылықтарын бойына сіңіріп балабақшадан тәрбиеленіп шығуды көздейді», - деді министр.

Өткен жылы жаңа 39 мыңға жуық орынға арналған 458 балабақша іске қосылған. Жекеменшік балабақшалардың 93%-на мемлекеттік тапсырыс берілген екен.

«Нәтижесінде 2-6 жастағы балаларды қамту 89,4%-ға, ал 3-6  жаста 99,4%-ға артты.Былтыр балалардың дағдыларын, зерттеу қызметін дамыту және дамытушы орта құру үшін оқу және ойын материалдарының тізбесін көрсете отырып, мектепке дейінгі ұйымдарды жарақтандыру нормалары бекітілді.Өкінішке қарай, былтыр тәрбиешілер тарапынан балаларға қарсы келеңсіздік фактілері орын алды. Оларды алдағы уақытта болдырмау үшін жергілікті атқарушы органдарға бақылауды күшейту қажет», - деді ол.

2016 жылдан 2021 жылға дейін мектептер жаңартылған бағдарламаларға көшті. Критериалды бағалау жүйесі енгізілді. 

Дегенмен мониторингтік зерттеулерге сәйкес, жекелеген пәндер бойынша оқу бағдарламалары, жетілдіруді қажет етеді.

Осыған орай, мектеп бағдарламаларын жаңғырту жұмысын басталды.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, қазір жұмыс тобы құрылды, жаңа мемлекеттік стандарттар мен оқу бағдарламалары әзірленіп жатыр.

«Өткен оқу жылынан бастап қазақ тілінде оқытатын сыныптарда 1-сыныптан тек қазақ тілін оқытуды енгіздік. Орыс тілі 2-сыныптан бастап, ал ағылшын тілін оқыту 3-сыныптан бастап оқытылады. Орыс тілінде оқытатын сыныптарда қазақ және орыс тілдері жүргізіледі. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жоғары сыныптарда жаратылыстану-математикалық цикл пәндерін оқыту талаптары күшейтілді және 5-11 сыныптар үшін өмірлік қажетті бағыттарды игеру бойынша «Жаһандық құзыреттілік» курсы, бастауыш сыныптарда шахмат бойынша факультатив енгізілді.Оқулықтардың сапасына қойылатын талаптар күшейтілді. Авторлар мен баспалардың оқулықтарды әзірлегені үшін жауапкершілігі белгіленді. Баспада оқулықтың мемлекеттік стандартқа сәйкестігіне сараптама жүргізу, полиграфиялық қателік анықталған кезде оқулықтарды ауыстыру, баспалар есебінен авторларды арнайы курстарда оқыту міндеттемелері бекітілді», - деді ол.

Сонымен қатар министрлі ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың білім алуына тең қолжетімділік қамтамасыз етілді.

«1 ПМПК-ны ашу нормасы заң жүзінде 60-тан 50 мың балаға азайды. Былтыр 6 ПМПК, 2 түзету кабинеті және 10 аутизм орталығы ашылды.Тәрбие жұмысын күшейту үшін тұжырымдамалық негіздерді әзірлеуді бастадық», - деді Ғани Бейсембаев.

 «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» - деген ұлы философ Әл-Фараби. Бұл орайда әр білім мекемесі ең алдымен тәрбие мәселесіне жіті назар аудару қажет. «Үлкенге - құрмет, кішіге-ізет» ұстанымы бала тәрбиесінде жеке орын алуы тиіс. Бұл бағытта барлық балабақша, мектеп, колледж басшылары жұмыс жасауы керек.

«Оқуға құштар мектеп» жобасы іске асырылуда, оның шеңберінде 3,4 млн кітап сатып алынды, 6 мыңнан астам мектеп кітапханасының материалдық-техникалық жағдайы жақсарды. Биылғы 2022 жылы атқарылған  жұмыс аз болмады, дегенмен алдымызда одан да үлкен міндеттер тұр. Бұл міндеттер - Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес еліміздегі 3,7 млн оқушының  сапалы білімі мен саналы тәрбиесін және өмірінің қауыпсіздігі қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс», - дейді жаңа министр.

Сондай-ақ білім беру саласында мүмкіндігі шектеулі балаларға білімді кедергісіз беру басымдыққа ие. Министрлік инклюзивті ортада білім алуға мүмкіндік беру мақсатында «педагог көмекшісі» штаттық бірлігі енгізу бағытындағы жұмыстарды жалғастырып жатыр.

Сонымен қатар әлеуметтік осал отбасылардан шыққан мектеп жасына дейінгі балалар балабақшаларда тегін тамақпен қамтамасыз ету қолға алынған.

«Ата-аналар баласының біліміне сенімді болуы керек. Біз осы бағытта көп жұмыс істеуіміз керек. Білім беру сапасын сырттай, тәуелсіз  бағалау жүйесі аса қажет,  мектептердің аттестаттау жүйесін реттеу арқылы, диагностикалық бағытта жұмысты күшейтеміз. Біз мектептермен бірге мұғалімнің формативті бағалауы мектепішілік бақылауда, оқу жетістіктеріне мониторинг жүргізуде, мемлекеттік аттестаттау кезіндегі білім кесінділерінің арасындағы алшақтықтың азаюын қамтамасыз етеміз», - дейді министрлік.

Сонымен қатар, директорлардың еңбекақысын көтеру бойынша жұмыстар жүргізіледі.

«Президент кадрлық резервіне ұқсас келешек білім беру ұйымдарының басшыларына кандидаттардың Республикалық дерекқоры құрылады. Бұл шара білім беру ұйымдарын білікті басшылармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - дейді министр.

Сонымен қатар өңірлердегі педагогикалық кадрлардың тапшылығын жою үшін жұмыс істейтін пән мұғалімдерінің деректер базасы құрылады.

«Онымен қоса, білім беру ұйымдары басшыларының еңбекақысын көтеру бойынша жұмыстар жүргізіледі», - деп айтты Оқу-ағарту министрі.

Сондай-ақ мектепке дейінгі, орта және техникалық білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың барлық көрінісі барынша азайтылып, нөлдік төзімділік, сондай-ақ шешімдер қабылдау мен жүзеге асыруда ашықтық пен адалдық қамтамасыз етіледі.

Ғани Бейсембаев министрлік жүргізіліп жатқан барлық рәсімнің ашықтығы мен жариялылығын мақсат етіп отырғанын атап өтті. 

«Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды белсенді түрде насихаттаймыз және барлық оқытушы мен білім беру ұйымдарының басшылары академиялық адалдық қағидаттарын ұстанатынына сенім білдіреміз», - дейді Оқу-ағарту министрі.

Сонымен қатар білім сапасын арттыру мақсатында «Қазақстанның еңбек ері», «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағын алған мұғалімдер мектепті басқару мәселелеріне қатысады.

«Білім беру саласындағы тәуелсіз кәсіби сарапшылар институтын дамытамыз. Сонымен қатар ұстаз мәртебесінің жоғары болуы білім сапасын арттыруға қызмет етпек», - деп түсіндірді еліміздің бас ұстазы.

Сондай-ақ  «Мұғалім» кәсіби стандарты бекітілгеніне тоқталды.

«Аттестация рәсімін жетілдіру мақсатында 30 жыл педагогикалық өтілі бар және зейнеткерлік жасқа дейінгі мұғалімдер тестілеуден босатылады. Мұғалімдерді тестілеудің шекті деңгейі 50%-ға төмендетілді. Мұғалімдердің біліктілікті арттыру курстарынан өтуі 5 жылдан 3 жылға дейін қысқартылды», - деп айтты Ғани Бейсембаев.

Министр атап өткендей, 2022 жылдан бастап мұғалімдерді жұмысқа орналастыру конкурстық негізде жүзеге асырылады.  Министрлік ақпараттық жүйе негізінде мұғалімдерді жұмысқа орналастыру үшін құжаттарды қабылдау пилоттық жобасын іске қосты.

Оған қоса былтырдан бастап білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялау тәжірибесі енгізілді. Бүгінгі таңда 961 (81,5%) басшы ротацияланды. Оның ішінде 514 мектеп директоры және 447 балабақша директоры.

Марья Айдарбаева

Серіктес жаңалықтары