Ауғанстан СІМ ғимаратында жарылыс болып, 21 адам қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Қаза тапқандардың арасында «Талибан» қозғалысының үш мүшесі бар

iz.ru

Ауғанстан СІМ ғимаратында жарылыс болып, 21 адам қаза тапты. Жәбірленушілердің көпшілігі Сыртқы істер министрлігінде және елдің Уақытша үкіметінің мәдениет және ақпарат министрлігінде жұмыс істейтіндер, деп хабарлады РИА Новости.

Порталдың жазуынша, қаза тапқандардың арасында «Талибан» қозғалысының үш мүшесі бар (БҰҰ-ның Террористік әрекеті үшін санкцияланған).

Бұған дейін Al Jazeera телеарнасы Талибан Үкіметіндегі дереккөзге сілтеме жасай отырып, жеті адамның қаза тауып, он адамның зардап шеккені туралы хабарлады. Сондай-ақ, жарылыс орнында оқ атылғаны айтылды.

Кейінірек жарылысты СІМ ғимаратына кіруге әрекет еткен террорист жасағаны белгілі болды. Оны күзетшілер уақытында көріп, тоқтатқанына қарамастан, ол өз ойын іске асырып үлгерген.