Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр
Маңғыстау облысында сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығын жасағаны үшін полиция бөлімінің бастығы ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«9 қаңтарда жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Маңғыстау облысы бойынша ҰҚКД және Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін Бейнеу ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары Т. Есбағанбетовты ұстады», - делінген ІІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.
Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.