Ауа райының нашарлауына байланысты 115 жол учаскесі жабылды – ТЖМ

Автор: Azattyq Rýhy

Осы тәулікте құтқарушылар 7 адам, оның ішінде 5 баланы эвакуациялады

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстан жолдарындағы бүгін 10:00-дегі жағдайды жариялады. Ауа райының нашарлауына байланысты 115 жол учаскесі жабылды, оның ішінде республикалық маңызы бар 39 жолда дизельді және қоғамдық көлікке жүруге тыйым салынған, деп хабарлайды Azattyq ruhy.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, қазір Теміртау қаласынан шығатын тұста 57 көлік тұр.

Осы тәулікте құтқарушылар 7 адам, оның ішінде 5 баланы эвакуациялады (Қостанай облысы – 7/5).

Уақытша жылыту пунктіне 59 адам орналастырылды, оның ішінде 11 бала бар (Ақмола облысы – 49/6, Қостанай облысы– 7/5).