10.01.2023, 09:52
Жаңалықтар
Ауа райының қолайсыздығына байланысты 122 жол учаскесі жабылды – ТЖМ
Уақытша жылыту пунктіне 56 адам орналастырылды
Фото: ашық дереккөзден
Төтенше жағдайлар министрлігі бүгін таңғы 6:00-дегі жолдардағы өзекті ақпаратты ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Елімізде ауа райының нашарлауына байланысты жолдың 122 учаскесі жабылған. Оның ішінде республикалық маңызы бар 42 жолда дизельмен жүретін жүк көліктері мен автобустардың қозғалысына тыйым салынған.
Өңірлердің ішінде әзірге Қарағанды облысында ғана жолда автокөлік жиналған. Дәл қазір Қарағанды облысының Теміртау қаласынан шыққан тұсында 57 техника тұр.
Ағымдағы тәулікте құтқарушылар 7 адамды, оның ішінде 5 баланы (Қостанай – 7/5) эвакуациялады.
Уақытша жылыту пунктіне 56 адам орналастырылды, оның ішінде 11 бала бар (Ақмола облысы – 49/6, Қостанай облысы – 7/5).
Көп оқылған
21.07.2026, 15:34
Аргентина құрамасын әлем чемпионаттарынан мәңгіге шеттетуді 23 млн адам талап етті
21.07.2026, 15:46
«Әскерде командирім зорлады»: Threads-те аянышты жазба жариялап, ақша жинаған жас жігіт сотталып кетті (ВИДЕО)
21.07.2026, 17:43
«Қураған шөпті тұтатпақ болған»: Семейде алты жасар бала аулада тұрған көлікті өртеп жіберді
21.07.2026, 16:29
Атырауда қолжуғыштан жылан шықты: видео желіде қызу талқыланып жатыр
21.07.2026, 17:15
Астанада жүк көлігі жеті көлікті соғып, аударылып қалды (ВИДЕО)