$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Бұл – вандализм, мұрамыздың жойылуы»: Бразилия тұрғындары президент сайлауы туралы

Елдің бұрынғы президенті АҚШ-та ауруханаға жатқызылғаны айтылуда

«Бұл – вандализм, мұрамыздың жойылуы»: Бразилия тұрғындары президент сайлауы туралы
Фото: politexpert.net

Бразилия мемлекетінің басшысы Лула да Силва дүйсенбіде Планалту президенттік сарайында Министрлер кабинетінің мүшелерімен кездесу өткізді. Шолушылардың пікірінше, атқарушы биліктің жұмысына ештеңе кедергі бола алмайды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Euronews ақпараттық агенттігінің жазуынша, журналистер Бразилия астанасының тұрғындары арасында сауалнама жүргізіп, нәтижесінде халық болған жайтқа өз бағасын берген.

«Мұндай әрекетке жақсы баға беру мүмкін емес. Мен жеңімпаздың жағында емеспін (президенттік сайлау - авт.), бірақ менің ойымша, бұл – абсурд.  Демократияны құрметтеу керек», - дейді тұрғындардың бірі.

«Меніңше бұл – вандализм, біздің мұрамыздың жойылуы. Егер сіз өз пікіріңізді білдіргіңіз келсе, оны басқа жолмен білдіруіңіз керек», - дейді тағы бірі.

«Біз мұндайды ешқашан көрген емеспіз! Вандалдар біздің қоғамдық доменімізді бұзды. Мемлекеттік меншіктегі ғимараттарға басып кіру – дұрыс емес», - дейді жергілікті тұрғын.

Жоғарғы соттың басшысы ел астанасындағы экс-президент Болсонару жақтастарының лагерін дереу бұзуға және қаңтар айының соңына дейін Бразилия федералды округіне жүк көліктерінің немесе манифестанттық автобустардың кіруіне тыйым салуға бұйрық берді.

Сондай-ақ өзге ақпарат көздерінде Бразилияның қазір АҚШ-та жүрген бұрынғы президенті Джаир Болсонару Орландо қаласындағы ауруханаға жатқызылғаны айтылуда.

Бразилиялық Globo медиа холдингінің хабарлауынша, науқастың ішінің қатты ауыруы ауруханаға жатуға себеп болған.

Серіктес жаңалықтары