$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Талдықорғандағы оқушы қыздардың төбелесі: полиция түсініктеме берді

Төбелестің нақты не үшін болғаны белгісіз

Талдықорғандағы оқушы қыздардың төбелесі: полиция түсініктеме берді

Әлеуметтік желіде талдықорғандық оқушы қыздардың төбелескен видеосы тарады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Кадрларда диванда отырған қыз телефон тұтқасын қойғаннан кейін қасындағы қыздардың оны жабылып ұра бастаған әрекеті түсіп қалған.

Төбелестің нақты не үшін болғаны белгісіз. Оқиғаға қатысты облыстық полиция департаменті түсініктеме берді. Төбелескен жасөспірімдердің кім екендері анықталып, олардан жауап алынды.

Оқиға 9 қаңтар күні болған. Кәмелетке толмаған қыздар облыс орталығы мен Қаратал ауданының оқушылары болып шыққан.

«Жәбірленуші қыз өз өкілімен (әжесімен) бірге полицияға ресми өтініш беруден үзілді-кесілді бас тартты. Осыған қарамастан, ӘҚБтК-нің 73-1-бабында көзделген әкімшілік іс қозғалды (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру). Бұдан басқа, қол қойған күдіктілерге арналған материалдар әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның қарауына жіберілді», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары