10.01.2023, 10:07
Жаңалықтар
«Полицейлермен әмпәй-жәмпәй болып жүр ме?»: бір қызды жабылып ұрғандардың бірі видео жариялады
Журналист өз парақшасында жариялады
Талдықорғанда үш қызды жабылып ұрғандардың бірі жаға ұстатарлық пікір берді. Бұл видеоны журналист Самал Қабышева Facebook парақшасында жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Полиция бізді қорғайды ма, қорлайды ма?! Бұл не сұмдық. Бұған дейін үш қыздың жалғызды жабылып ұрған жауыздығын жарияладым. Енді мына бетпақтардың жауабын қараңыздар. Видео архивтерінде тек полицейлермен жүретіндері көрініп тұр. Сонда полицейлер тәртіпке шақырудың орнына мына шөткі бастармен әмпәй-жәмпәй болып жүр ме?!
Ішкі істер министрі. Бұл не жағдай? Дереу шара қолданыңыздар», - деп жазды Самал Кабышева.
Көп оқылған
20.10.2026, 14:03
Балаларынан қол үзбей, несиесін өзі төлеген: Жауғаштыда түрмеде жатқан әйел бостандыққа шықты (ВИДЕО)
20.10.2026, 12:48
Миына қан құйылған: Ким Чен Ынның өліміне қатысты сыбыс тарады
20.10.2026, 15:25
Екі айға қамалған: Жамбыл облысында есірткімен ұсталған ресейлік рэпер бір апта өтпей босап шықты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды