10.01.2023, 08:40
Жаңалықтар
Доллар тағы арзандады: 10 қаңтарға арналған валюта бағамы қандай
Ұлттық банк сейсенбіге арналған валюта бағамын жариялады
Фото ашық дереккөзден
Қазақстанның Ұлттық банкі 10 қаңтарға арналған доллар мен рубльдің теңгеге қатысты ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бүгін, яғни сейсенбі күні доллар бағамы 462,49 теңге болып бекітілді.
Айта кетейік, өткен тәулікте америкалық валюта бағамы 463,31 теңге болған еді.
Ресей рублінің ресми бағамы 6,65 теңге болды.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, бүгін таңғы сағат 8.00-дегі жағдай бойынша Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы 464 теңгеден сатып алынып, 467,5 теңгеден сатылып жатыр. Астананың ақша айырбастау орындарында орташа есеппен 463 теңгеден сатып алынып, 467 теңгеден сатылып жатыр.
Бүгінгі ресми валюта бағамы бойынша:
- USD / KZT – 462,49 (АҚШ доллары)
- EUR / KZT – 493,52 (еуро)
- RUB / KZT – 6,65 (ресейлік рубль)
- TRY / KZT – 24,63 (түрік лирасы)
- CNY / KZT – 68,21 (қытай юані)
- KGS / KZT – 5,4 (қырғыз сомы)
- UZS / KZT – 4,1 (өзбек сомы).
Көп оқылған
29.06.2026, 10:54
«Қалжың деп ойлаған еді»: астаналық жас жұбайлар Threads арқылы танымайтын адамдарды тойына шақырды
29.06.2026, 13:32
«Военкоматтан келіп тұрмын»: жас жігіт әскерден қашамын деп Ақбұлақ өзеніне секіріп кетті (ВИДЕО)
29.06.2026, 10:35
Қазақстанда алдағы күндері 38 градус ыстық болады: үш күнге арналған болжам жарияланды
29.06.2026, 11:05
«Өз өмірім үшін қорқамын»: Алматыда жұмбақ жағдайда көз жұмған Вероника Соколованың анасы дабыл қақты