$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Азаптау бойынша сотталғандар мерзімінен бұрын босай алмайды - заң жобасы талқылауға шықты

Қазіргі қолданыстағы заңда мұндай талаптар жоқ

Азаптау бойынша сотталғандар мерзімінен бұрын босай алмайды - заң жобасы талқылауға шықты
Фото ашық дереккөзден

«Ашық» НҚА нормативті-құқықтық актілер сайтына «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасы жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Заң жобасы ұсынып отырған өзгерістерге сай, азаптау фактісі бойынша сотталғандар шартты түрде мерзімінен бұрын босау құқығынан айырылады.

«Қылмыстық кодекстің 73-бабына (Жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру немесе тағайындалған жаза мерзімін қысқарту) сәйкес бас бостандығынан айыру түріндегі жазасы бас бостандығын шектеумен ауыстырылған, бұрын өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын өтеуден шартты түрде босатылғандар, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын өтеу кезеңінде жаңа ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағандар мен азаптау үшін сотталғандарға шартты түрде мерзімінен бұрын босату шарасы әсер етпейді», - делінген құжатта.

Айта кетейік, қазіргі қолданыстағы заңда мұндай талаптар жоқ.

Серіктес жаңалықтары