Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуі 40 жас мерейтойын Ыстанбұлда дүркіретіп өткізді

Автор: Azattyq Rýhy

Ол туған күнінде әншілердің гонорарын доллармен төлеген

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуі Нұржан Иманәлиев жақында 40 жас мерейтойын Ыстанбұлда дүркіретіп өткізді. Сол тойға Қазақстаннан бір топ әнші барған. Туған күн иесі әншілердің гонорарын доллармен төледі, деп хабарлайды Экспресс К.

Қаңтар оиқғасына қатысы бар деген күдікпен қамауда отырған «Дикий Арманның» досы Нұржан Иманәлиевтің мерейтойына әншілерден Наркенже Серікбаева да қалыс қалмаған. Ол бұған дейін «Дикий Арман» ұйымдастырған кештерде бірнеше ән айтып көзге түскен.

Ол ән салып тұрғанда Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуі әншінің қалтасына біраз ақша салды.