$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

40 градусқа дейін аяз болуы мүмкін: алдағы күндерге арналған ауа райы

10-12 қаңтарға арналған ауа райы болжамы жарияланды

40 градусқа дейін аяз болуы мүмкін: алдағы күндерге арналған ауа райы
Фото ашық дереккөзден

Синоптиктер 10-12 қаңтар аралығында Қазақстан бойынша ауа райы қандай болатынына болжам жасады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Суық арктикалық ауағ ағыны бар солтүстік антициклоны Қазақстан аумағы арқылы оңтүстік өңірлерге қарай жылжи беретіндіктен, қатты аяз еліміздің көп бөлігінде сақталады. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты қар жаууы ықтимал.

«Ауа температурасы батыста түнде 27-35, күндіз 15-25 аяз, республиканың оңтүстік-батысында түнде 12-23, күндіз 5-15 аяз, солтүстік-батыста және солтүстікте түнде 32-40 аяздан 20-30 аязға дейін, күндіз 27-35 аяздан 13-22-аязға дейін, орталықта негізгі фон түнде 35-40, өңірдің оңтүстігінде 25-30 аяз, күндіз 20-30 аяздан 15-26 аязға дейін, шығыста ауа температурасы түнде 20-33 аяздан 30-43 аязға дейін, күндіз 15-23 аяздан 23-33 аязға дейін, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста түнде 10-20 аяздан 20-31 аязға дейін, күндіз 8-16 аяздан 12-23 аязға дейін төмендеуі мүмкін», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары