09.01.2023, 08:36
Жаңалықтар
Доллар мен еуро арзандады: 9 қаңтарға арналған валюта бағамы қандай
Ұлттық банк дүйсенбіге арналған валюта бағамын жариялады

Фото ашық дереккөзден
Қазақстанның Ұлттық банкі 9 қаңтарға арналған доллар мен рубльдің теңгеге қатысты ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бүгін, яғни дүйсенбі күні доллар бағамы екі теңгеге арзандап, 463,31 теңге болып бекітілді.
Айта кетейік, жұмада америкалық валюта бағамы 465,93 теңге болған еді.
Ресей рублінің ресми бағамы 6,45 теңге болды.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, бүгін таңғы сағат 8.00-дегі жағдай бойынша Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы 465 теңгеден сатып алынып, 469 теңгеден сатылып жатыр. Астананың ақша айырбастау орындарында орташа есеппен 465 теңгеден сатып алынып, 469 теңгеден сатылып жатыр.
Бүгінгі ресми валюта бағамы бойынша:
- USD / KZT – 463,31 (АҚШ доллары)
- EUR / KZT – 486,94 (еуро)
- RUB / KZT – 6,53 (ресейлік рубль)
- TRY / KZT – 24,69 (түрік лирасы)
- CNY / KZT – 67,52 (қытай юані)
- KGS / KZT – 5,41 (қырғыз сомы)
- UZS / KZT – 4,11 (өзбек сомы).
Серіктес жаңалықтары
Көп оқылған
30.07.2025, 10:10
Қосшыда енесінің алтын жүзігін ломбардқа өткізіп жіберген келін сотталды
30.07.2025, 13:19
Зейнетақы қорындағы артық ақшасын алғысы келген қазақстандықтар үшін жақсы жаңалық пайда болды
30.07.2025, 11:20
20 млн теңге айыппұл арқалайсыз: әуежайда қандай сөздерді айтуға қатаң тыйым салынған
Редактордың таңдауы
30.07.2025, 15:41
Қазақстанда 77 жастағы зейнеткер қатерлі ісікті үш рет жеңген