08.01.2023, 16:51
Жаңалықтар
Батыс Қазақстанда гараждағы көлік ішінен 4 адамның мәйіті табылды
Өлімнің алдын ала себебі – көміртегі тотығымен улану
Фото ашық дереккөзден
БҚО-да көліктен үш жігіттің және қыздың мәйіті табылды. Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Бүгін сағат 10:30 шамасында Зачаганск кентінің «Сартау» шағын ауданында орналасқан жеке үйдің гаражында автокөліктен 4 мәйіт табылды (2006 жылы туған қыз және 2 кәмелетке толмаған бала, сондай ақ 2004 жылы туған азамат)», - делінген хабарламада.
Өлімнің алдын ала себебі – көміртегі тотығымен улану.
Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
