07.01.2023, 08:00
Жаңалықтар
БҚО-да мал бағып жүріп адасып кеткен жасөспірім аман табылды
Іздестіру жұмыстарына төтенше жағдайлар, полиция бөлімі, жергілікті атқарушы орган өкілдері мен тұрғындар жұмылдырылды
фото: БҚО ТЖД баспасөз қызметінен
БҚО-да мал бағып жүріп адасып кеткен жасөспірім аман табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
6 қаңтар күні сағат 15:48-де Қаратөбе ауданы Қоскөл ауылынан 4 шақырым жер шамасында таңертеңгі сағат 10.00-де мал бағып жүріп, ауа райының нашарлауына байланысты бағытын жоғалтқан 2008 жылы туған жасөспірімнің жоғалып кеткені жөнінде облыстық төтенше жағдайлар департаментіне хабарлама келіп түскен.
Іздестіру жұмыстарына төтенше жағдайлар, полиция бөлімдері, жергілікті атқарушы органдар, тұрғындар жұмылдырылды. Іздестіру нәтижесінде 16 сағат 40 минутта жасөспірім аман-есен табылып, медициналық көмекті қажет етпеді.
Көп оқылған
16.08.2026, 06:21
Қостанайда жүзе алмаған әке қызын құтқармақ болып қаза тапты
16.08.2026, 16:06
17 тамыз күні ауа райы қандай болады
16.08.2026, 16:37
БҚО-дағы Ми-8 тікұшағының апатына қатысты іс сотқа жолданды
16.08.2026, 10:38
Астана – Щучинск тасжолындағы апат: жүргізуші жолда ұйықтап кеткен
16.08.2026, 08:47
Конгода Эболадан әр 30 минут сайын бір адам көз жұмады