06.01.2023, 22:43
Жаңалықтар
«Жасыбай» демалыс аймағында орналасқан үй өртеніп кетті
Өрт 6 қаңтарда сағат 19:55-те шыққан
фото: pavlodarnews.kz
Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы «Золотые пески» демалыс үйі өртке оранды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Pavlodarnews.kz -ке сілтеме жасап.
«Бүгін «Жасыбай» демалыс аймағында «Золотые пески» демалыс үйінде екі қабатты ағаш үйдің өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт орнына келген кезде 2 қабатты екі саяжай толығымен өртеніп кеткені анықталды», - делінген хабарламада.
Өрт кезінде демалыс аймағында демалушылар болмаған. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өртті сөндіруге 2 бірлік техника мен Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің 10 қызметкері жұмылдырылды.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
