$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Куәгер ретінде жауап алынды»: Бас прокурор Самат Әбішке қатысты түсініктеме берді

Бас прокурор қылмыстық іс әлі жүріп жатқанын айтты

«Куәгер ретінде жауап алынды»: Бас прокурор Самат Әбішке қатысты түсініктеме берді

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбіштен қаңтар оқиғасы бойынша тек куәгер ретінде жауап алынып жатыр. Бұл туралы ҚР Бас прокуроры Берік Асылов Мәжілістің жалпы отырысынан кейін тілшілер сауалына берген жауабында айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Тағы да айтамын, тергеу жүріп жатыр, қылмыстық іс тоқтатылған жоқ», - деді ҚР Бас прокуроры Берік Асылов.

«Самат Әбіш тек куәгер ме, әлде қорғауға құқығы бар куәгер ме?», - деген сауалға:

«Одан жай куәгер ретінде жауап алынды», - деп жауап берді Б. Асылов.

Айта кетейік, қаңтар оқиғасынан кейін Мемлекет басшысының өкімімен Самат Сатыбалдыұлы Әбіш ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары қызметінен босатылған болатын.

Серіктес жаңалықтары