04.01.2023, 12:53
Жаңалықтар
Алдағы күндері елімізде 25 градусқа дейін аяз болады
Республиканың барлық аумағында қар жауады
Фото: ашық дереккөзден
Синоптиктер Қазақстанда 5-7 қаңтар аралығында ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі мәлім еткендей, еліміз бойынша ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.
«Алдағы күндері Қазақстанның ауа райын кезекті атлантикалық циклон айқындайтын болады, ол негізінен республиканың барлық аумағында жауын-шашын, қар түрінде болады. Республика бойынша көктайғақ, бұрқасын болады, еліміздің шығысында қалың қар жауады», - делінген хабарламада.
Солтүстік өңірлерде ауа температурасы түнде 5-15°С аяздан 15-25°С аязға дейін, күндіз 10-20°С аяздан 2-10°С аязға дейін ауытқиды,
- батыста температураның негізгі фоны түнде 0-10°С аяз, күндіз 5 жылы 5 аяздан 0-11°С аязға дейін төмендейді,
- орталық және шығыста ауа температурасы түнде 0-8°С аяздан 5-13°С аязға дейін төмендейді, күндіз 0-8°С аяз,
- оңтүстікте ауа температурасының негізгі фоны күндіз 3-13°С жылы,
- оңтүстік-шығыста 0-8°С жылы болады.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды