Астанадан Ақтөбеге жолға шыққан жүргізуші навигаторға сеніп, адасып кетті
Бұған қоса оның көлігі бұзылып, далада тұрып қалған
Астанадан Ақтөбеге жолға шыққан жүргізуші навигаторға сеніп, адасып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«2023 жылғы 1 қаңтарда Астана қаласының азаматы «Шевроле Нексия» маркалы автокөлікпен навигатордың көмегімен Ақтөбе қаласына шыққан. Алайда Дружба ауылы бағытындағы ауыл жолымен жүріп келе жатып, автокөлік бұзылып, далада қалған. Көп ұзамай шақыру орнына Қамысты ауылының №18 өрт сөндіру бөлімінің және Жітіқара қаласының Жедел-құтқару жасағы бөлімшесінің қызметкерлері «Ямал» роверімен кетті. Олар астаналықты Алтынсарин ауылындағы дала бригадасынан эвакуациялады», - делінген хабарламада.
Сынған автокөлік Еркін және Достық ауылдарының ортасында қалды. Ауылдық округ әкімі Алтынсарин ЖШС қонақ үйінде орналасқан жылыту пунктін ұсынды.