01.01.2023, 14:56
Жаңалықтар
Қазақстанда бір тәулікте 181 адамнан коронавирус инфекциясын анықталды
Коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың көбі амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда
фото: ашық дереккөзден
Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 1 қаңтардағы деректерді жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Елімізде өткен тәулікте 181 адамнан коронавирус инфекциясын анықталды.
2 806 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 259 пациент стационарда, 2 547 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
«КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 8 адамның жағдайы ауыр, 5 пациенттің жағдайы өте ауыр, ал 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр», - делінген министрліктің хабарламасында.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
