$ 542.03  627.29  6.66
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жаңа жылда 24 мың полицей мен Ұлттық ұлан азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті

Жаңа жыл қарсаңында ІІМ басшысы елордалық полиция бөлімшелеріне барды

Жаңа жылда 24 мың полицей мен Ұлттық ұлан азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті
фото: polisia.kz

Марат Ахметжанов қарамағындағылардың қалай қызмет атқаратынын және жол қауіпсіздігін қалай қамтамасыз ететінін тексерді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Азаматтардың өтініштерін уақтылы қабылдау, оқиға орнына нарядтардың келуі, азаматтарымызға жедел көмек көрсету сіздердің іс-әрекеттеріңізге байланысты. Азаматтар полицияның олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, тыныштықты қорғайтынына сенімді болуы керек», – деді ведомство басшысы.

Бас полицейдің айтуынша, елдегі жағдай тұрақты. Қазақстан бойынша 24 мыңнан астам Ұлттық ұланның әскери қызметшілері мен полицейлер азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Тек Астана бойынша Жаңа жыл қарсаңында көшелерде мыңдаған қызметкер жұмыс істеді.

Серіктес жаңалықтары