$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодар облысының әкімдігі Екібастұзда жарылған су құбырының жай-жапсарын түсіндірді

Бұл ақаудың қаланы ауыз сумен қамту жүйесіне еш қатысы жоқ

Павлодар облысының әкімдігі Екібастұзда жарылған су құбырының жай-жапсарын түсіндірді
inform.kz

Павлодар облысының әкімдігі Екібастұзда жарылған су құбырының жай-жапсарын түсіндірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, бүгін Екібастұз қаласында «Қалалық су арнасы» ҚКК жөндеу жұмыстары кезінде ЖЭО-ға арналған диаметрі 500 мм болатын техникалық құбыр зақымданды.

Әкімдіктің мәліметінше, бұл ақаудың қаланы ауыз сумен қамту жүйесіне еш қатысы жоқ.

30 желтоқсан 22:11 кезіндегі соңғы ақпарат бойынша, ЖЭО штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

«Жылу электр орталығындағы су қоры үздіксіз жұмыс істеуге жеткілікті. Апат орнында «Қалалық су арнасы» мамандары жұмыс істеп жатыр. Ақауды 31 желтоқсан түнгі 1-ге дейін жөндеп бітеді деп жоспарланған», - деп хабарлады әкімдіктен.

Екібастұз қаласындағы апат орнында облыс әкімі Асайын Байханов, оның бірінші орынбасары Хасар Қабылбеков, Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин, Павлодар облысы ТЖД бастығы Жасұлан Жұмашев жүр.

Су құбырын қалпына келтіруге төтенше жағдай қызметі, «Қалалық су арнасы» ҚКК, «Екібастұзжылуэнергиясы» ЖШС ресурстары жұмылдырылды.

Серіктес жаңалықтары