Қазақстаннан көшіп кеткендерге зейнетақы қорынан 45 млрд теңге берілді - БЖЗҚ
Жыл басынан бері шетелге 18 мың қазақстандық көшіп кеткен
Шетелде тұрақты тұру үшін көшіп кеткен қазақстандықтарға БЖЗҚ-дан 45,3 млрд теңге аударылған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«ҚР шегінен тыс тұрақты тұруға кетуге байланысты төлемдер – 45,3 млрд теңге, мұрагерлік бойынша төлемдер – 55,8 млрд теңге, мүгедектік бойынша төлемдер – 2,2 млрд теңге, жерлеуге төлемдер - 4,9 млрд теңге. Сақтандыру ұйымдарына шамамен 23,2 млрд теңге аударылды»,-делінген БЖЗҚ сайтында.
Айта кетейік, шетелге тұрақты тұруға кететін кісілер қордағы барлық қаражатын шешіп алып кетуі үшін, бірінші көші-қон полициясына барады. Онда бекітілген тәртіппен көшуді ресімдеу тәртібінен өтеді, өзге елдің азаматтығын алады, содан кейін ғана барып Қорға тиісті құжаттарын өткізеді. Зейнетақы жинақтары тек қана жеке тұлғаның банктік шотына, бірақ кез-келген валютада аударыла береді. Яғни ол теңге, рубль, еуро, доллар, тіпті фунт стрелинг те болуы мүмкін. Айта кетейік, зейнетақы төлемдерін алу үшін қажетті құжаттар тізімі enpf.kz сайтында бар.
2022 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 14,4 трлн теңгеден асқан. Ал жыл басынан бері БЖЗҚ өз салымшыларына 1 триллион теңгеден асатын сома төлепті. Зейнет жасына жеткен азаматтарға кесте бойынша ай сайынғы аударылған орташа төлем 29 859 теңге, ал ең жоғары ай сайынғы төлем - 707 326 теңгені құраған.