$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Ауған әйелдері жұмыс істеуі керек»: Еуропа одағы тәліптерге үндеу жолдады

Ауғанстан билігі әйелдерге гуманитарлық көмекпен айналысатын үкіметтік емес ұйымдарда жұмыс істеуге тыйым салған болатын

«Ауған әйелдері жұмыс істеуі керек»: Еуропа одағы тәліптерге үндеу жолдады
Фото; reuters

12 елдің, соның ішінде АҚШ, Ұлыбритания және Еуропалық Одақтың бірқатар елдері Талибан бастаған Ауғанстан үкіметін әйелдерге гуманитарлық көмек көрсету топтарында жұмыс істеуге тыйым салатын шешімін жоюға шақырды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy golosameriki.com-ға сілтеме жасап.

АҚШ, Австралия, Канада, Дания, Франция, Германия, Италия, Жапония, Норвегия, Швейцария Сыртқы істер министрлері арнайы мәлімдеме жасады. Олар ұлттық және халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) әйел қызметкерлеріне жұмыс істеуге тыйым салуы миллиондаған ауғандықтарға қауіп төндіретінін айтты.

Үндеуге қол қойған елдердің өкілдері тәліптерді бұл шешімнің күшін жоюға шақырды.

"Біз Талибанды Ауғанстандағы әйелдер мен қыздардың саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарын құрметтеуге шақырамыз",-делінген мәлімдемеде.

Серіктес жаңалықтары