$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодарлық құтқарушы жұмыстан тыс уақытта адамдарды өрттен аман алып шықты

Ол құтқару жұмыстарын арнайы қызмет келгенге дейін ұйымдастырған

Павлодарлық құтқарушы жұмыстан тыс уақытта адамдарды өрттен аман алып шықты
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Павлодар облысында өрт сөндіруші азамат жұмыстан бос уақытында қызметтік борышын абыроймен атқарды. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ведомствоның  хабарлауынша, Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру қызметінің №4 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы азаматтық қорғау кіші сержанты Марлен Әбенов құтқару жұмыстарын арнайы қызмет келгенге дейін ұйымдастырған.

Нақтырақ айтқанда ол 28 желтоқсан күні жұмыстан бос уақытында көшеде келе жатып, тұрғын үйлердің бірінің шатырынан түтін шығып жатқанын көрген. Не болғанын бірден түсінген тәжірибелі құтқарушы 9-қабатқа көтеріліп, балалы әйел мен 4 адамды қауіпсіз жерге алып шыққан.

«Ал құтқарушылар осы күні 9 қабатты тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабар бойынша оқиға орнына жеткен. Өрт сөндірушілер қажетті жерген келгенде қойма ретінде пайдаланылып жүрген бірінші қабаттағы қоқыс жиналатын ғимаратта өрт болып жатқанын анықтаған. 9-қабатқа дейінгі алаңды қою түтін басқан. 9-қабаттағы №54 пәтердің 2000, 2022 және 2019 жылдары туған тұрғындары газдан уланып қалған, олар ауруханаға жатқызылды», - делінген хабарламада.

Өрт сөндіру кезінде ТЖД күштері 4 баланы құтқарып, баспалдақ арқылы 18 адамды эвакуациялады.

Өртті сөндіруге 21 өрт сөндіруші және 6 бірлік техника жұмылдырылды.

Оқиға орнында көмек көрсету үшін жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мен Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері жұмыс істеді.

Өрт ауданы 5 шаршы метрді құрап, сағат 11:13-те сөндірілді. Өрттің шығу себебі мен келтірілген залал анықталуда.

Серіктес жаңалықтары