$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Төрт ірі гуманитарлық ұйым Ауғанстандағы қызметін тоқтатты

Тәліптер әйелдерге жұмыс істеуге тыйым салған соң халықаралық ұйымдар елден ат-тонын ала қашты

Төрт ірі гуманитарлық ұйым Ауғанстандағы қызметін тоқтатты
Фото ашық дереккөзден

Төрт ірі гуманитарлық ұйым Ауғанстандағы қызметін тоқтатты. 180-нен астам үкіметтік емес ұйымдар да бұл елдегі кеңселерін жауып, кетіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Тәліптер әйелдерге жұмыс істеуге тыйым салған соң халықаралық ұйымдар елден ат-тонын ала қашты. Экономика министрлігі әйелдер жұмыс орнында хиджаб кию ережесін бұзды деп, оларды қызметтен толық шеттетті.

Өткен аптаның басында қыздарға университетте оқуға тыйым салғанын еске саламыз. Ол кезде де "киім кию ережесі бұзылды" делінген. Алайда, тәліптердің қайтар түрі жоқ. Кабулде қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, көшелерде бақылау-өткізу пункттері ашылды. Бронетехника, құқықтық тәртіп күштерінің қарулы өкілдері көбейді. Ал Халықаралық агенттіктер азық-түлік және экономикалық дағдарыс жағдайында мұндай келіспеушіліктер ауған экономикасына тек кері әсерін тигізеді дейді.

Серіктес жаңалықтары