Президентке музей экспонаттары мен сирек өнер туындылары көрсетілді
Президент Ресейге жасаған жұмыс сапарының аясында Санкт-Петербург қаласындағы Мемлекеттік орыс музейіне барды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Қасым-Жомарт Тоқаевқа музей экспонаттары мен сирек өнер туындылары көрсетілді», - делінген Ақорданың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Сондай-ақ музейде Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан мемлекеттері басшыларының бейресми кездесуі өтті.