$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстандықтар жеткіліктілік шегінен асқан зейнетақы жинағын қайда жұмсай алады?

Салымшыларға зейнетақы жинақтарының 50 пайыздан аспайтын бөлігін активтерді басқару компаниясына беру құқығы беріледі 

Қазақстандықтар жеткіліктілік шегінен асқан зейнетақы жинағын қайда жұмсай алады?
Фото: Экспресс К

Енді азаматтар белгіленген жеткіліктілік шегінен асқан зейнетақы жинақтарын емделуге және тұрғын үй сатып алуға жұмсай алады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Үкімет отырысында айтты.

Сондай-ақ, салымшыларға зейнетақы жинақтарының 50 пайыздан аспайтын бөлігін активтерді басқару компаниясына беру және мұндай компанияны өздері таңдау құқығы беріледі.     

«Бұл ретте, мемлекет зейнетақы жинақтарының сақталуына кепілдікті жинақтың Ұлттық банк басқаратын бөлігіне ғана беретінін атап өткен жөн. Ал, жеке басқаруға берілетін зейнетақы жинақтарының сақталуына және оның табыстылығына салымшы таңдап алған компания жауапты болады. Сондықтан, әрбір салымшы басқару жөніндегі жеке компанияны таңдаған кезде ықтимал тәуекелдерді мұқият ескеруге тиіс», - деді Тамара Дүйсенова.

Серіктес жаңалықтары