$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Батыс Қазақстан облысында 49 елді мекен таратылуы мүмкін

Бұл елді мекендер тұрғындар саны жөнінен ауыл мәртебесіне сәйкес келмейді

Батыс Қазақстан облысында 49 елді мекен таратылуы мүмкін
Фото ашық дереккөзден

Батыс Қазақстан облысында 49 елді мекенге тарап кету қаупі төніп тұр. Бұл туралы БҚО стратегия және экономикалық даму басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Департаменттен мәлім еткеніндей, бұл елді мекендер (барлығы 1166 адам) тұрғындар саны жөнінен ауыл мәртебесіне сәйкес келмейді, яғни 50 адамнан кем.

Бөрлі ауданында осындай 4, Жәнібекте 3, Бәйтеректе 8, Казталовта 1, Қаратөбеде 3, Сырымда 8, Тасқалада 7, Теректіде 5, Шыңғырлауда 8, Орал қаласы аумағында 2 елді мекен бар.

Аталған елді мекендерде мектептер жабылған. Денсаулық сақтау нысандары 8-інде, орталық сумен қамту жүйесі біреуінде, газ 9-ында ғана бар. Шыңғырлау ауданындағы Сұлукөлде тұрғын қалмаған, одан басқа елді мекендердің бәрінде электр жарығы бар.

«Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 2572-XII Заңына сәйкес тұрғындар саны 50 адамға жетпейтін елді мекендер жақын маңдағы ауыл құрамына қосылады.

Соңғы үш жылда облыста 17 елді мекен (2020 жылы – 8, 2021 жылы – 9) таратылды.

«Үш жыл ішінде аудандардағы жергілікті атқарушы органдар тиісті талапқа сай келмейтін елді мекендерді тарату немесе соларда тұратын тұрғындар санын көбейту арқылы жағдайды жақсарту бағытында шешім қабылдауы тиіс», деп хабарлады ведомстводан.

БҚО-ның әкімшілік-аумақтық бөлінісі облыстық маңызы бар 1, аудандық маңызы бар 1 қаладан, 12 аудан, 150 ауылдық және кенттік округтерден, 314,9 мың адам мекендейтін 416 ауылдан тұрады.

«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында перспективтік ауылдар қатарына 78 тіректі, стратегиялық маңызы бар шекара маңындағы 35 және жер серіктік байланысы бар 110 елді мекен кіреді. Бұларда 260 мыңнан астам тұрғын (82,5 пайыз) бар.

Серіктес жаңалықтары