Елімізде 4 мыңнан астам оқушы Президент шыршасына қатысты
Мерекелік іс-шара барлық қала мен облыс орталықтарында өтті
Елімізде 4 мыңнан астам оқушы Президент шыршасына қатысып, бағалы сыйлықтар мен 100 мың теңгенің сертификатына ие болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Оқу-ағарту министрлігінің бапсасөз қызметі хабарлағандай, мерекелік іс-шара еліміздің барлық қаласы мен облыс орталығында 25 желтоқсанда өтті.
«Биыл Президент шыршасына республика бойынша қатысқан оқушылар саны 4 мыңнан асады. Іс-шараға оқу үздіктері, түрлі конкурстар мен олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балалар, сондай-ақ оқуда, спортта, шығармашылықта немесе қоғамдық өмірде жетістіктерге жеткен дарынды балалар шақырылды», - деді Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Аман Сейтов.