$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Талдықорғанда 1,5 млн теңге пара алып, сот үкімін өзгертпек болған судья сотталды

Оған өмір бойына мемлекеттік қызмет атқаруға тыйым салынды

Талдықорғанда 1,5 млн теңге пара алып, сот үкімін өзгертпек болған судья сотталды
Фото ашық дереккөзден

Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Түменбаева алаяқтық үшін сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

"20 желтоқсанда Талдықорған қалалық сотының үкімімен Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Түменбаева алаяқтық жасағаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Оған өмір бойына мемлекеттік қызмет атқаруға тыйым салынды", - делінген агенттік хабарламасында.

Туменбаева "Good Zhem" ЖШС басшысынан азаматтық іс бойынша оң шешім үшін 1,5 млн теңге алған.

Осы үкіммен Пак пара беруге оқталғаны үшін 4 жылға сотталды. Ол мемлекеттік қызметте және коммерциялық ұйымдарда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары