24.12.2022, 15:26
Жаңалықтар
Павлодарда полицейлер граната жармақ болған 47 жастағы ер адамды ұстады
Қазіргі уақытта саперлер жарылғыш затты тексеріп жатыр
polisia.kz
Павлодарда полицейлер граната жармақ болған 47 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz телеграм арнасына сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта саперлер жарылғыш затты тексеріп жатыр.
Сағат 11:30-да қалалық полицияға отбасылық жанжал туралы қоңырау түсті. Пәтерде мас адам ұрыс шығарып, гранатаны жарып жіберемін деп айқайлаған. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері оны сабырға шақырып, сөйлесе бастаған. Осы сәтті пайдаланған полицейлердің бірі гранатаны ер адамның қолынан жұлып алып, оны залалсыздандырған.
"Барлық арнайы қызметтер оқиға туралы хабардар етілді. Үй тұрғындарын эвакуациялау жүргізілді", - деп мәлімдеді полицияда.
Көп оқылған
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
29.09.2026, 14:25
«16 жеріне пышақ сұққан»: Астанада әйел адамның өлімінен кейін 4 экс-полицей ұсталды (ВИДЕО)
29.09.2026, 09:32
«Қалай болғанда да жетемін»: Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, бір адам көз жұмды
29.09.2026, 17:39
«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:35
Астанада жүкті әйелдің егіз сәбиі шетінеп кетті