$ 506.21  568.42  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Мұндай көлік қажет емес»: қостанайлық жігіт айыппұлға бола полицейлердің көзінше көлігінің терезесін шағып тастады

Сонымен қатар ол әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасайтын кезде полицейлерге қарсылық танытты

«Мұндай көлік қажет емес»: қостанайлық жігіт айыппұлға бола полицейлердің көзінше көлігінің терезесін шағып тастады
фото: Polisia.kz

Қостанайлық полицейлер көлігін қасақана соққан жүргізушіні жауапқа тартты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Патрульдік полиция қызметкерлері айыппұл хабарламаларын беру үшін ВАЗ автокөлігінің жүргізушісін тоқтатты. Жол ережесін бұзушы «EkinPatrolG2»  кешенінің көмегімен анықталды. Оған жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны үшін екі айыппұл салынды. Сонымен қатар құжаттарды тексеру кезінде жүргізушінің сақтандыру полисі болмаған.

Полиция қызметкерлері көлікті мамандандырылған тұраққа қойды. Алайда жүргізуші әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасайтын кезде қарсылық танытып,  «Маған мұндай көлік қажет емес» деп өз көлігінің әйнегін сындырды.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жүргізушіні қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін ұсақ бұзақылыққа барғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы мәселені қарастырып жатыр.

 

 

Серіктес жаңалықтары