Ақпарат құралдары әділетті жұмыс істесе, алмайтын қамалы болмайды - Әділ Ахметов

Автор: Аягөз Құрмаш

Ол әлемдегі геосаяси жағдай туралы айтты 

Фото: ашық дереккөзден

Орталық Азия медиа форумында Халықаралық жоғары мектеп Ғылым академиясының академигі Әділ Ахметов айтты, деп хабарлайды  Azattyq ruhy. 

“Бүгінгі таңда Орталық Азия мемлекеттерімен шектес немесе олардан шалғай аудандарда қалыптастып отырған геосаяси жағдай тек Орталық Азия мемлекеттерін ғана емес, күллі әлемді де қоса алаңдатып отырғаны жасырын емес. Ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан І Орталық Азия медиа форумының маңызы өте зор. Өйткені бұл форумның басты мақсаты - Орталық Азияны біртұтас мәдени аймақ ретінде көрсетуді көздейтін ортақ медиа кеңістік құру. Оған тек аймақтық медиаиндустрия көшбасшылары ғана емес, сонымен қатар халықаралық сарапшылар да, отандық және халықаралық БАҚ өкілдері де, форумға мүдделі түркі мемлекеттерінің өкілдерімен қатар, өзге елдердің биік мәртебелі тұлғалары мен өнер қайраткерлері де атсалысып отыр”, - деп айтты Ахметов.

Оның айтуынша, форумның мақсат-мүддесін ескере отырып маңыздылығын ескеру қажет.

«Ақпарат құралдары - төртінші билік» деген сөз бар. Шындығында да БАҚ төртінші биліктен кем емес. Егер ақпарат құралдары әділетті жұмыс істейтін болса, онда олардың (ақпарат құралдарының - авт.) алмайтын қамалы жоқ. Сондықтан бүгінгі өтіп жатқан І Орталық Азия медиа форумының маңызы арта түседі деп ойлаймын. Форум осымен тоқтап қалмайды, оның келешегі үлкен», - деді Әділ Ахметов.