Боксшы Болат Теміров дүниеден өтті

Автор: Azattyq Rýhy

Ол Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында ұлттық құраманың капитаны болған     

Атақты кеңестік және қазақстандық боксшы, КСРО чемпионы, ҚазКСР және Қазақстан чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы Болат Теміров 53 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қазақстанның бокс федерациясына сілтеме жасап.    
 
Болат Бисенұлы 1992 жылғы Олимпиада қатысушысы, бірнеше рет әлем чемпионаттарының қатысушысы. Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында ұлттық құраманың капитаны болды.      

Бокстағы мансабын аяқтағаннан кейін бизнеспен сәтті айналысып, ҚБФ бас хатшысы қызметін атқарды. Атырау облысының құрметті азаматы болды.